Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызына
МІНЕЗДЕМЕ
Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2008 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Жоғарғы санатты оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Бақытгүл Ерғалиқызы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті ұстаз, іскер маман, қабілет-қарымы жоғары педагог. Қай істі болмасын соңына дейін аяқтап, нәтижесін, жемісін көре білетін, әр ісіне ыждаһаттылықпен қарайтын қасиеттерімен әріптестері арасында сыйлы. Ол – теориялық біліммен мықты қаруланған, теорияны тәжірибемен ұштастыра білетін ізденімпаз оқытушы. 2013 жылы «Мектепте оқушылардың білімін бағалау мен қадағалаудың мүмкіндіктері» тақырыбында диссертация жұмысын қорғап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Ғылыми еңбекте оқытудағы білім алушы жетістіктерін бағалаудың теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу қорытындылары айқындалды. Аталған дәреже білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талдай алуға, салыстырмалы педагогикалық көзқарастың қалыптасуына негіз болды.
Бақытгүл Ерғалиқызы – гуманитарлық, педагогикалық колледждерде оқу-тәрбие процесіне кең таралған оқу-әдістемелік құралдардың авторы. 2014 жылы «Келешек-2030» баспасынан «Педагогика пәнін оқытуды ұйымдастырудың жолдары» оқу құралы жарық көрді, 2019 жылы «Педагогикалық іс-әрекетті жобалау» оқу құралы «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауыменен басылымға ұсынылып, республикамыздың барлық педагогикалық колледждеріне таратылуда. Оқу-тәрбие процесінде болашақ педагогтың өз бетінше жаңа білімді меңгеруіне, креативті ойлануына, және шығармашылық ізденіске жол ашатын оқу құралдары болып табылады.
Әр сабағына жан-жақты ізденімпаздықпен, шығармашылықпен дайындалып, оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану жолында аянбай еңбек етіп келеді. «Менің шәкірттерім – педагогикалық идеяларымның түрткісі» ұстанымын негізге алған оқытушы – өз ісінің кәсіби шебері ретінде студенттерін ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстарға бағыт-бағдар беріп, бейімдей білетін, тиімді білім беру ортасын ұйымдастыра білетін шебер педагог. Оған дәлел – жетекшілік еткен студенттерінің қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы атануы.
Колледждегі «Инклюзивті білім беру» және «Сындарлы оқыту» элективті курстарының жетекшісі ретінде болашақ кәсіби мамандарды оқытудың инновациялық әдістерін меңгертуде, жастардың бойында ізгілік қасиеттерін шыңдауда жемісті еңбек етуде. Б.Батанасова – педагогикалық еңбек тәжірибесінде қоғамдық жұмыстарға қатысып, жүлделі орындар биігінен көрініп жүрген тәлімгер ұстаз, әр баланың бойына адамгершілік, ізгілік, имандылық, елжандылық қасиеттерін өзінің іс-тәжірибесі арқылы сіңіре білген білікті маман.
Бақытгүл Ерғалиқызы колледжішілік, қалалық қоғамдық іс-шараларға белсене араласады. 201Ол – тапсырылған жұмыстардың мерзімінен бұрын орындалуына ұйытқы бола білетін іскер оқытушы. Әріптестері Бақытгүл Ерғалиқызының таңдаған кәсібінің білікті маманы және педагогика ғылымының жалпы ықпалын терең түсінуге қол жеткізе алатын тұлға екендігін мойындайды.
Шығармашылық жұмыс пен кәсіби біліктілігінің нәтижесінде бірнеше мәрте марапаттаулар мен алғыс хаттарға ие болды.