Ерлік, ер туралы мақал-мәтелдер

Ер жігіттің басына
Нелер келіп, не кетпес.
Ер елімен жақсы,
Жер көлімен жақсы.
Ер- елдің ық жағының қаласы,
Жел жағының панасы.
Ер ерлігін істесе, ел елдігін істейді.
Ер елуде бала мінезді,
Ер сайыста шала мінезді.
Ердің жақсысы елімен ойласады,
Әйелдің жақсысы ерімен ойласады,
Ер болмаса жеңімен ойласады.
Ердің ісі- кілісу,
Ездің ісі – келісу.
Ердің күйін сұрама –
Жұрттан сауын сауған соң.
Малдың күйін сұрама-
Қоңысынан ауған соң.
Ерді ел мүддесі өсіреді.
Ердің ері- егеудің сыныяғы.
Ер намысына қарай шабады.
Ердің құны жүз жылқы,
Ары мың жылқы.
Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ.
Ер үмітін ел ақтар,
Ер атағын ер сақтар.
Ер айтпас айтса қайтпас.
Ер кешуден, нар көшуде сыналады.
Ел даусыз болмас,
Ел жаусыз болмас.
Ер шаруасыз болмас,
Ер жарасыз болмас.
Ездің тілі батыр
Ердің қолы батыр.
Елге берсен асынды,
Ерлер сыйлар басынды.
Ерді намыс кояны қамыс өлтіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *