- Адамзат баласына келетін кез келген ауыр қайғы болмашы нәрселерден басталады. Ұлы істер де осы секілді кішкентай жұмыстан бастау алады.
- Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады.
- Сабырлылық — жақсылықтың қайнар көзі.
- Ақылды жігіт пайдасыз, артық ақпаратты миына жинамайды. Сонымен қатар дүние-мүлкіне көңілін байламайды.
- Ақылды жігіт жұртқа жақсылығын шашып жүрер. Және қылған ісін көпке жайып, мақтанбас.
- Арлы жігіттің киімі нашар болса да, кеудесі алтын болады.
- Есі дұрыс адамдарда бір ғана заң бар — әділ болу және ешкімнің көңілін қалдырмау
- Көп білсе де, кішік болған адам сүйкімді болады. Аз білсе де, өзін ақылды қылып көрсетуге талпыну — рухани дерт. Тек сол мерездің бойымызда бар екендігін мойындап, назар салсақ қана бұлардан арыла аламыз.
- Кез келген істе шектен шықпаған жақсы.
- Мәрт халық соғыс отынан әрі жүруге тырысады.
- Басыңызға бақ қонса, оның ұшып кетуі де оңай екенін ұмытпаңыз.
- Көп білемін деп кеуде соққан адамдар, әдетте нәтижеге жете алмайды.
- Көп білсе де, өзін ақылды етіп көрсетуге тырыспайтын жігіт мақтауға лайық.
- Өз мүмкіндігінен хабары аз адам, қауіпке ұрынуы мүмкін.
- Жауын жеңген — батыр. Өзін жеңген — ер.
- Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді.