Бір заманда үрдіс болған қайырымдылық марафондарының біріне атақты миллионер Генри Форд ұлын ертіп барады. Арнайы жәшікке баласы 100 доллар тастағанда, әкесі 50 доллар ғана салыпты. Мұның бәрін бақылап тұрған журналистер қоршап алып: «Қайырымдылыққа қосқан Сіздің үлесіңіз неліктен ұлыңыздікінен аз болды?» — деген сұрақтың астына алады. Сонда Генри Форд дым саспастан: » — Ол әкесіне сенетін шығар, ал менің оныкіндей миллионер әкем жоқ!» деген екен.