Дүниенің ең басты жұмбағы-адам.
Әкеңді білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен ұлтыңды білмеген не деген сұмдық.!
Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді.
Абыройыңды жауып жүрудің өзі оңай шаруа емес!
Қарыз алатындардың көбі – қарызды қайыра алмайтындар.
Әкелетін өмір де, әкететін өлім деп ойлаймыз, жоқ, меніңше өлім-өмірдің өзі.
Есенин ішсе, бір нәрсе тындырып барып ішкен. Ал біреулер ішіп алып бірдеңе тындырмақ. Тына қояр ма екен!
Өмірге келудің бір-ақ себебі болса, өмірден кетудің ондаған себебі бар.
Әңгіменің төркіні — әңгіме
Ағашты тамырынан, тамырды топырақтан ажыратып әкету қалай болар еді?!
Кейде жоқтықтың өзі жаңа моданың тууына себепкер болады.
Махаббат ол-ең алдымен өмір. Ал өмір біз ойлағаннан гөрі күрделі, әлдеқайда күрделі құбылыс.
Кез-келген қарым-қатынастан, тіпті төсектік қарыс-қатынастың өзінен махаббат іздеу дұрыс бола бермейді. Ал нағыз махаббат дегеніміз-өткінші жаңбыр емес. Ұлы сезім.
Үйкүшіктік жалпы адамға тән қасиет емес.
Көкжиегің кең болмай көп көрмейсің.
Көп көрмеген көп біліп жарытпайды.
Кейбіреулер үшін үйден шықпау-түрмеден шықпаумен бірдей.
Сапар-саяхатқа құмарлықтың бірінші себебі-көру, білу, сергу, сілкіну болса; екінші себебі — өз тірлігінен, төңірегінен шаршау, жалығу деп ойлаймын.
Адам — құдайдың шығармасы