Бір кісі Жалаладдин Румиге келіп, кедейлігін айтып, мұңын шағады. Ғұлама одан: «Егер бір дене мүшеңді кесіп алып, орнына мың алтын ұсынса, сен бұған разы болар ма едің?» — деп сұрайды.
Ол кісі: «Жоқ, о не дегеніңіз?!» — деп жауап береді.
Сол кезде Руми оған: «Онда неге әркімге мұң шағасың? Баға жетпес он екі мүшең сау тұрғанда, кедеймін деуің жараса ма?! Қайта Аллаһ тағалаға шүкіршілік айтпайсың ба?!» — деп ойлантқан екен.