Антон Чеховтың нақыл сөздері

  • Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес.
  • Халыққа жаны ашымаған адам өлікпен тең.
  • Кез келген көркем туынды белгілі бір ойды жеткізу мақсатында жасалуы тиіс. 
  • Адал еңбек етпей, қуаныш пен шаттықтың тәтті дәмін сезіну қиын.
  • Өнері жоқ адамды дарынсыз деуге болмайды. Бойындағы өнерін мақтан үшін пайдаланатын адамды дарынсыз деу керек.
  • Әсіре көркемделген сөзден гөрі, қарапайым тілмен айтылған нәрсе сіңімдірек болады.
  • Отбасылық өмірдің басты біріктірушісі — махаббат.
  • Адам баласы барлық жағынан әдемі болуға талпынуы керек. Келбеті де, киімі де, жаны да, ойы да таза әрі әдемі адам кез келгенді еліктіртіп тұрады.
  • Арақ ақ болғанымен, арға дақ түсіреді.
  • Тәрбие көрген адам бөтенді сыйлап, құрмет тұтып тұрар. Бұндай азаматтар жұмсақ әрі сыпай болар.
  • Жанашыр адамдарың бар болса, қиын сырқаттың өзін ауырсынбауға болады.
  • Ұжданы бар адам иттен де ұялады.
  • Жеке тәжірибеден артық мектеп жоқ. Көзбен көріп, қолмен ұстап көргенге не жетсін?!
  • Жеке бастың қамы үшін жұмыстанғаннан гөрі, ұрпағың үшін еңбек еткейсің.
  • Өмірден үлес алғың келсе, бөтеннің пікірі мен сөзіне тәуелді болуды қой. Көзсіз сенімнен гөрі, өзің ізденіп, жұмбақтардың жауабын өзің табуға тырыс.
  • Зұлымдық ұсақтықтан туады.
  • Біреуді сүйіп, өзің біреуге сүйкімді болғаннан артық қандай бақыт бар?
  • Өтірік айтуға үйір болу — нашақорлық секілді. Адамның түбіне сол өзінің өтірігі жетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *