- Өмірінде ешқашан қателік жібермеген адам ешқашан жаңа нәрсе жасап көруге тырыспаған деген сөз.
- Өзің сіңірген білім — мектепте үйреткендерді ұмытқаннан кейін есіңде қалатын жалғыз азық.
- Мен өз қиялымда суретші секілді тәуелсізбін. Қиял білімнен де маңыздырақ. Білімнің шегі бар. Ал қиял күллі әлемді сидырып әкете алады.
- Өмір сүрудің екі тәсілі бар: саған таңғажайыптар болмайды деген сеніммен өмір сүруге болады және мына әлемдегінің бәрі таңғажайып деген сеніммен өмір сүре аласың.
- Сұрақ қоюды доғармау өте маңызды. Әуесқойлық адам баласына кездейсоқ берілмеген.