«Тәуелсіз» деген дардай атағы бар газетсымақты сәл ғана қазбалап көріңізші: ар жағынан қуыршақтарды «меңгеріп» отырған демеушінің кескіні шыға келеді.
***
Ақын, жазушы көп пернелі, көп ішекті домбыра сияқты. Құлағын қалай бұрадың, пернелерін қалай түзедің-ол солай сөйлейді. Сөйлеу өз қолында болғанмен, бұрау мен пернелерін түзей жазушының өз қолында емес, басқарушылардың қолында.
Ғабит Мүсірепов