Дене мәдениеті
Мен, дене мәдениеті бөлімінің студентімін,
Маған сенім артады мектеп бүгін.
Сымбатты Қазақстан саясатын
Бізге артады салмақтап барлық жүгін.
Білім алдық, шыңдалдық, мол қорымыз,
Шетімізден күшті, алғыр, спортшымыз.
Өссін деп келер ұрпақ, дені сау боп,
Күш салмасақ, ей, ұлтым, өз сорымыз.
Мектепке дейінгі бөлім
Мен, мектепке дейінгі бөлімнің студентімін ,
Мен керекті маманмын, білмейді кім.
Тәрбиелеп өсірген бүлдіршіннің
Жымиған күлкісінен күледі күн.
Балабақша береді бар жақсыны
Басталады сананың мол тасқыны
Тәрбиеші боп барам, алған білім
Нығайып тәрбиемен жарастығы.
Музыка бөлімі
Мен, музыка бөлімінің студентімін,
«Қазақ», рух, өнердің тірегімін.
Барлық істі атқарам, сенім артса,
Жақсы маман болуды мен тіледім.
Адамға керек нәрсе өнер деген,
Өнерсіз қоғам болар көгермеген.
Рухсыз ұрпақ өсер, хабары жоқ,
Көңілді көтермесе өлеңмен.
Информатика бөлімі
Мен, информатика бөлімінің студентімін,
Ақпарат әлемінде бүгінде елім.
Ғаламтор досың болды, қасың да сол,
Егер мен игермесем, білім кенін.
Мен үйретем ғылымның әліппесін,
Барлық сала ақпаратқа дәріптелсін.
Ауылда, қала, далада болсын,
Жалғызсың сен, бірақ та ол әріптесің.
Филология бөлімі
Мен, филология бөлімінің студентімін,
Шамшырағы рухсыздық түнегінің.
Ар мен келер, тілмен келер білімнің
Маманымын, жас ұрпақтың тілегімін.
Әдебиет ардың ісі білгенге
Тәрбиелеп, жөн сілтейді күлгенге.
Тілді ұмытсақ, сөзді ұмытсақ біз кімбіз?
Сондықтан да орным биік төрден де.
Бастауыш мектеп бөлімі
Мен, бастауыш мектеп бөлімінің студентімін,
Мектептегі жас өреннің жүрегімін.
Бірге соғып жүрегім, қан тамырым,
Білімге жол салатын түренімін.
Білім жолын бастауыштан басталады
Білімсіз жан өмірден жасқанады.
Жолдама алдық өмірге, маман болып,
Жол жатыр мұғалімдік, асқаралы.