Баяғыда Қаратау алқабындағы жазық алқапта сабан төбелі ескі үй тұрды. Онда өзінің үш баласымен бір жесір әйел өмір сүрді. Жесір әйел керемет өнерлі, шебер кісі еді. Ол үнемі торқа орамалды жібекпен кестелеп күнелтті, шаршап-шалдығуды білмеді. Кестелі бұйымдарды базарға сатып, балаларын асырады.
Бір күні жібекпен кестелген үлкен орамал дайын болды. Орамалдың беттеріндегі суреттер шын өмір суреттер сияқты еді: көк шатырлы аспан түстес көгілдір қабырғалы әсем үй, кең дүниеге ұқсас кең аула. Аула қорғаны- қызыл кірпіш. Қызыл босағалы қақпа да алтын сырлы. Осының бәрі бір-біріне үйлесімді,жарасымды. Аула ішінде бақ, гүл, жеміс ағаштар. Ағаш бұтақтарына әр түрлі әнші құстар қонып, әткеншек теуіп тұр. Ана өзі үш жыл кестеленген орамалын далаға алып шықты, балаларын шақырды. Орамалдағы өмір суретіне ананың үш ұлы таң-тамаша болды.
(М.Тиесов)