ҮСТЕУ


Даланың сақшысындай мен мұндалған тәкаппар мола осы өңірдегі барлық заттан биік, ақыр аяғы разъездің ана жылғы салған мұнара құбырынан да еңселі, бар дүниенің үстінен үңіле менсізбей қарап тұр. Адам болған соң артына тым болмағанда зәредей игілікті іс қалдырмау қандай аянышты өлім еді. Шынтағымен таяна әрең тұрып, жүрелей отырды. Орнынан су шыққандай құлқын сәріден тұрып жөткірініп, қақырынып мазасын алатын жетім шалдың осыншалық құс ұйқылығы жанына тиетіндігіне кейін келе әбден еті үйреніп, бұл кісінің бар-жағын мүлде ұмытқан. Өзі тірі жүріп, әйелі екеуәне арнап мола тұрғыза бастаған былтырдан бергі қылығы ғана әлгі мазасыз қартты қайтадан естеріне салған. Бірақ осыншалық жадаулығына қарамастан, бұрынырақта аң-құс жер қайыстыра жосып жүреді екен. Құдықтың ащылау суына қараған адам еңсе көтеріп серпіле алмай, үнемі төмен қарап, жүрелеп жүргендей жүдеу еді. Үй басына байлаған жалғыз биесінің қымызын қысып ішіп, ала жаздай ақ дамбалмен көлеңкеде күн кешкен шалдардың адырайып-адырайып білеуленіп кеткен күре тамырларына, жел сорған түк-түк арық жақтарына қарап кейде аяйсың. Екеуі бірдей арбасқандай қадала қарасты. Екеуі бірдей көзін төмен салды. Дархан балшық езуіне қайта кіріскендей ғана барып әйел орнынан тұрып, етекте тойған қозыдай жусап жатқан Құландыға көз салып қарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *