Қазақ тілі


Қазақ халқының тілі- әрі бай, әрі көркем.
Қос тіл- қос қанатың.
…Енді Қазақстан оқу орныдарына оқитын орыс студенттеріне аз айтпағым бар.
Бұлар жақсы инженер, жақсы геолог, жақсы биолог болуға ұмтылу жолында туған жері Қазақстанды жетік білулері керек.
Қазақстанның экономикасын, даму тарихын, мәдениетінің тарихын білу орыс жігіттері мен қыздары үшін де парыз. Парыз ғана емес, әбден қажжетті нәрсе.
Сонымен, көпұлттылық, көп тілде сөйлеу тарихи факт болып отырған біздің елімізде орыс студенттері өздері қатынас жасайтын ұлттың тілін, оның тарихын, мәдениетін білулері керек.
Тағы бір айтарым мынау: егер сендер орыс тілі мен орыс мәдениетінен басқа ештеңе білмейтін болсаңдар, әрине, жақсы емес. Егер сендер өздерің жүрген ортада, өздерің тұратын қалада, өз республикаңда, мысалы, біздің Қазақстанда жасалған мәдени байланыстарға қызықпайтын болсаңдар, ол- кешірілмейтін кінә.
Сондықтан мәдениет үстіне мәдениет, білім үстіне білім жалғай түскілерің бергілерің келсе, сендер қазақ тілін білуге, Қазақстан тарихын білуге тиістісіңдер. Қазір нақ осыған ұмтылатын шақтарың.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *