Қазақ театры туралы


Қазақ театр өнерінің өзіндік сипаты халқымыздың ежелден келе жатқан тұрмыс-салты мен әдеп-ғұрпына негізделген. Үйлену салтымен, нәрестенің дүниеге келу шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтың толып жатқан түрлері, ақындар айтысы, т.б дәстүріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болды.
Кейін халқымыздың талант иелері жер-жерде шағын труппалар құрып, ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. Кейіннен осы өнер иелерінің бастауымен қазақтың алғашқы кәсіптік ұлттық драма театры 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында ұйымдастырылды. Театр шымылдығы 1926 жылы 13 ақпанда М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды.
Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Қ. Жандарбеков, Қ. Байсейітов, Қ. Бадыров сияқты өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды.1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды.
Бұл күнде облыс орталықтарының бәрінде дерлік драма театрлары ашылды. Осыларға қазақтың ұлттық драма театры ақыл-кеңес беріп, олардың қаз тұрып кетуіне қамқорлық жасап отырады. Қазақ драма театрының сахнасында қойылған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Ақан сері- Ақтоқты», «Еңлік-Кебек». Соңғы жылдары театр репертуары байи түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *