Қазақтың киімі


Сол замандағы қазақ мәдениетінің кейбір өзіндік ерекшеліктері киім түрелерінен де жақсы көрінген. Қазақтар жазғытұрым көбіне көйлек сыртынан бешпент, қамзол немесе шапан киді. Қыстыгүні қойдың немесе түйенің жабағысынан қалың матамен тысталған, кең тігілен күпі немесе шидем шекпен, тон, құлын терісінен тігілген жағалы жарғақ шекпен, қой терісінен түгін ішіне қаратып тіккен шалбар киді. Киік терісінен тігілген жарғақ шалбарлары да болады.
Қазақтар қыста тымақ киді. Тымақ елтіріден, түлкі және де басқа аң терілерінен тігілді. Жазда жұқа киіз қалпақ киді. Қазақта аяқ киім түрлері көп болды. Ер адамдар биік өкшелі, қонышы тізеден жоғары шоңқайма етік киді. Аң аулауға қайқы тұмсық етік киді. Ешкі терісінен тігілетін жұмсақ аяқ киім мәсі деп аталады. Былғарыдан тігілген кебіс, шәркей, шоңқаймалары да болды.
Әйелдердің киімі матадан, жібектен, мақпалдан тіглді. Көйлек үлгілері көп болды. Бойжеткен қыздар төбесіне үкі тағып, бағалы аң терісінен әсем бөрік киді. Жас келіндер алғашқы жылы тойға киген сәукелесін тастамады.
Кейін сәукеле орынына желек жамылды. 30-40 жастағы әйелдер кестелеп тігілген кимешек киді. Орта жастағы әйелдер жаулық тартты. Жасы келген әйелдердің кимешек деп аталатын дөңгелек бас киімі болады.
Әйелдер аяғына кебіс, мәсі киді. Қазақ байларының және бай әйелдерінің салтанатқа киетін кестелі етегі, көксауыр былғарыдан күміс тығылып, әшекейлеп тігілген кебісі болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *