Досымбек екеуміз ылғи бір жатып, бір тұрамыз. Бір үзім нанға дейін бөліп жейміз. Бір анадан туғандаймыз. «Дос болса,осылардай болсын», — дейді жұрт. Досымбек бір күні кеннеттен сырқаттанып, ауруанаға түсті. Науқасы өте ауыр, ішкенім ас болмай, ұйқым қашып, уайым жедім. Күнде барып халін біліп тұрдым. Жалмауыз ажал аузын арандай ашып, досымды алғалы келе жатқандай болды да тұрды.
Күннен күге халі нашарлап, ауруы меңдеп бара жатты.
-Дауасы бар ма бұл аурудың?-деп сұрадым емдеуші дәрігерден.
— Бір ғана дауа — таза қан құю,-деді дәрігер. Дереу өз ұанымды сарапқа салдым. Түн қараңғылығы қоюланып, әлемді ала бастаған кезі еді. Дәрігер қанымды алып, шұғыл зерттеп жатты. « Қаным іске жарап, Досымбектің жаны қалса» деген бір тілек болды менде сол қысылтаяң сәтте. Қанымды алып, Досымбекке құйғанда, бір жақсылықты сезгендей жүрегім лүпілдеп, қарауытып сөнуге айналған үміт оты қайта маздап, жана бастады.
Тілегім орындалып, Досымбектің беті бері қарады. Досымбек науқасынан әбден жазылып, ауруханадан шықты.
(С. Омаров)