Шешен қыз


Мыңғырған малға, сұлу табиғатқа қызыққан қалмақ басқыншылары қазақ жеріне шабуыл жасайды. Бірақ қазақтар бас қосып, басқаншыларға соққы береді, оларды жеңеді. Ұрыста көп олжамен бірге Қарқара деген қалмақтың батыр, шешен қызы қолға түседі. Қыздың сұлулығына әрі ұрыста көрсеткен ерлігіне тәнті болған қазақ батырлары ол үшін өзара таласып қалады. Мұны естіген Қарқара қыз:

Өзі көсем, өзі шешен,
Қазақ еді менің шешем,
Қолымды егер босатсаңдар,
Тағдырымды өзім шешем,-деп бір ауыз өлең айтыпты.
Қолын шешкеннен кейін:
-Енді мені ру басына апарыңдар,-деп өтінеді ол. Ру ақсақалының алдына келгесін:
-Уа, қазақ бабамыз,
Біз де сенің балаңыз,
Сенбесеңіз айтайын,
Қазақ еді анамыз.
Қалмақ,қазақ соғысып,
Қанға төкті далаңыз,
Қайтсек тату боламыз?
Қара қалмақ бас жиып,
Қайта келсе қыруға,
Қазақ қандай шамаңз?- дейді қыз.
Мұны естіген ақсақал:
-Әйел заты болсаң да, еркекпен тең екенсің, ақылға кең екенсің. Өзің не айтасың?-деп сұрақ қояды. Қыз бұған:
-Егер маған тең келеп жігіт болса еліңде, қылыш болсын белінде,шоқпар болсын қасында, дулыға болсын басында, мен соған барамын,-депті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *