Мен оның тұлға-тұрпат, әдеп-қылығынан қиялымдағы, әдебиетте сомдалып, ел аузында аңыз боп кеткен батырды іздеумен болдым. Ішкі нәзік сәуленің әсерімен нұрлана түскен жарқын бет-пішіні ірі, кесек бола тұра болмашы бір сезім құбылысына да қалт жібермес әсем қалпымен көрінді. Меніңше, жау жүрек адамның бет-жүзі бұдан гөрі түсін бермес суық болса керек еді. Сонда тағы көздерің айтсаңшы! Алғаш кезіккенде Александр Бектің өзін тайдырған да осынау сирек ұшырасатын, өңменіңнен қткендей үлкен қара көздері еді ғой.
Ер адамның көздері үлкен болып келуі батылдықтың белгісі саналмайтын тағы бар. Керек сәтте жай отындай жалт етіп, кез келгенің аузын аштырмай қоятын сыйқырлы күш те Бауыржанның көзінде болса керек. Оның елден ерек ерлігі мен қажыр-қайратының сырын ашатын кілт те сол көздерінде жатқандай.
Жан дүниесі соншалық нәзік адам өлім қаупін сезінбеә қала алмақ емес. Онысын және Бауыржан өз мемуарларында талай рет мойындаған, кез келген адамның басында болатын үрейде талай рет бастан кешкенін өзіне ғана тін аяусыз шыншылдықпен айтқан да. Бірақ сол үйерге бой алдырмай, алапат жігер-күшімен жеңе де білген.
( Т. Ахтанов «Ер қасиеті-ел қасиеті»)