ОДАҒАЙ

                  


Қазақ «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді. Соған бағып, бала Мұхтардың жалғасын ақылгөй ата хақында, кейінгі жастарға әңгімелеп берсем, артық бола қоймас деймін.
Әуез ата- ескіше көп оқыған адам. Бірақ ескілікке құлай беріліп, ислам дінін уағыздап, құрғақ пәлсафа соққан кісі емес. Шыңғыс бауырындағы елеге танымал кісі еді,ауылда сирек болып, көбінсе қонақта жүретін. Егер шақырған үй ауыл-аймақта болса,бізді ерте барады.
Бір сапар Мұхтарды атап шақырып қалды. Кімді атаса сонымыз үйге кіретінбіз.
Мұхтар киіз үйге кіріп, екі-үш кісіден өтіп тізе бүкті. Төртінші болып отырған орта жасар кісі дабырлай дауыстап:
— О, жоғары шық, бала, атаңның жанына бар,- деді. Мұхтар тырп етпеді.
Әлгі қопақтаған қауға шал:
— Ей, қожа-еке,- деді жүзін құбылтып,- балаларың мұншама ынжық балар ма, босағада туғанына тарта ма ?
Атама жалт қарадым. «Жоғары шық» деп ым қаға ма деген ниетпен. Алқа қотан отырған адам соған жабыла көз тастаған. Енді мен Мұхтарды түрткілей бастадым. Елемеді.
Иегін болар-болмас көтеріп, атам жаққа қарады. Атам шөккен кеудесін тік көтеріп алып:
— Ей, аппақ сақалыңмен рабайды білмейтін неткен жансың. Зиялылар айтқан үш сөз бар: « Бір адаммен жолдас болсаң аты-жөнін біл,-деген. –Өзіңде бар затты сыралғы жерде топқа салып, кісі сұрамаса берме. Берсең, опық жерсің,- деген бар. Кім қай жерге барса, өз орнын тауып отырсын»,- деген тағы бар.
Олар етпесең ығысып-ығысып төрден есікке шығып кетесің. Соны да ұрпақғының ғой,- деді.
— Па, шіркін,игі жақсының сөзі-ай!

           

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *