Әрбір елдің саяси, таихи, экономикалық сипатын білдіретін мемлекеттік рәміздері (символдары) бар. Рәміз- белгелі бір идеян білдіретін белгі, бейне. Рәміз адамға пікір, ой туғызады. Ортақ түсінік бойынша: орақ- еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь). –үмітті, лира- музаны, арыстан- қүдіретті бейнелейтін белгілер. Бояу түстері де халықтарда рәміздік мәнде түсіндірілген. Қазақстанда қызыл түс- от, күн; көк түс-аспан әлемі; ақ түс- қуаныш, бақыт; сары түс- қайғы, реніш; жасыл түс- жастық пен көктем рәмізі болып есептелген.
Атақты суретші Пикассо салған ақ кептер бейнеленген көкшіл жалау- бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, ту, гимн). айналды.
Елтаңба- мемлекеттің, қаланың мөрлерінде, алтын, күміс ақшаларда бейнелеген ажырату белгісі.
Гимн- өлеңге жазылған салтанатты ән.
Ту- тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі.
Тулардың пайда болу тарихы, мағынасы тереңде. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік мәртебелі рәміздері: төл туы, ерекше елтаңбасы, әсем әнұраны 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.