ЕТІСТІК


Ауылдың батыс жағы терең шатқал, төменде шатқалдың табанында тау өзені сарқырап ағып жатыр. Өзеннің арғы бетінде төбесін бұлт шалған дәу Көшкентау құзы қарауыта төніп тұр.
Міне, жасыл шатырды үлкен үй. Сырты шағаладай аппақ. Қора-қопсы, бау-баұшаның айналасы тақтай шарбақпен қоршалған. Шарбақ та үйдің шатыры сияқты жасыл сырмен сырланыпты.
Сартай кішкене қақпаны жұлқа ашып, аулаға кірді. Үйге қайтқанында Тікқұлақ ылғи құйрағын бұлғаңдата еркелеп, үстіне арсалаңдай секіріп қарсы алушы еді, бүгін өйткен жоқ. Ауланың түкпірінен иттің назалана үріп, шағым айтқандай қыңсылағаны естілді. Сартай зәулім алмұрт ағашының түбіне келсе, Тікқұлақты әлдебіреу кендір арқанмен байлап қойған екен.
Атай – етік киген, Сартай – жалаң аяқ, екеуі көшені жағалап келе жатыр. Тікқұлақта еріп келеді. Ол тіміскілене біресе қалып қойса, біресе ілгері озып кетеді. Жол жиегіндегі бой тартып ұзарып қалған өсімдіктердегі жаңбыр тамшалары күн сәулесімен шағыласа мөлдіреп, асыл тастай жарқ-жұрқ етеді. Тұп-тұнық таза ауадан гүлдердің хош иісі аңқиды. Әр үйдің қорасында самсаған жеміс ағаштары көрінеді, қазір олар гүлдеп тұр. Жаңбырдан кейін ық жерді паналаған аралар ызыңдап ұша бастады. Дүлей нөсердің астында қалып, енді қанаттарын кептіріп отырған аралар да бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *