ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР


Алба-жұлба қараша үйдің сырт жағынан қарасаң, іші өртеніп жатыр ма дейсің, түтіні бұрқырап шығып жатыр. Би ағалардың сондағы ашуланғаны-ай: «Осыдан бармай бетіме күйік жағатын болсаң, өз қолыммен бауыздап өлтірем!»-деп қалш-қалш етті-ау. Біз қорқып, үйден шыға жөнелдік. Үйден алып шыққанымызда Шырайлымның жаны жоқ шығар деп едім, былқ-сылқ етіп буыны кетіп қалған екен. – Малға алған күңді, тілін алмағанда тіліп-тіліп алмас па?! – деп, шақыр-шұқыр еткізіп, былғап жатқан қазанның түбін ойып жібере жаздады. От басында отырған кемпірлер ежірейе қарап, ауыздарын сылп еткізді. Зейнеп қазанды бұрынғыдан бетер шақырлатып былғады. Тізбектелген төрт-бес түйелі көшенің ортасымен кетіп бара жатыр еді, автомобиль тұсынан өте беріп, күңк ете қалды. Түйелер шошып кетіп ордаң етті. Раушан, Дәметкендер де селк етті.
Бұрыштан жалт етіп, орысша киінген бір жас жігіт шыға келді. Тұсынан өте бергенде Раушан бажырайып қарады. Анда-санда көкжиектің тұсынан күн жарқылдап тұр. Күн батыста жарқ еткен найзағай жарығы күңгірт даланы әлденеге үміттендіріп тұрған сияқты. Қасым көз алдынан елбеңдеп жөнелген бір нәрсенің түсін шалып қалды, жүрегі лүпілдеп соғып кетті. Мылтық гүрс етіп зу ете қалды. Хамиттің екі құлағы шың ете түсіп, қолы мылтыққа тиді. Екеуі кезек жығысып жүрді. Айдалада шаң бұрқ-бұрқ етеді. Хамит те атып жіберді. Наган шаңқ етті. Ол хамиттің аяғының астына кеп тырс ете түсті. Банды шошып аунап түсіп, кейін қарай жоғалай жөнелді. Қолында наган, жан-жағына жалтақтай қарайды.-Айтақ, айтақ! – деді бала жан ұшырып итке. Бәлтек оның бұл бұйрығына селт етпейді. Сол күйі былқ етпей жата берді. Үйге біреулер жақындағандай болды. Дабыр-дүбір үндеріне қарағанда өздері біраз адам сияқты, қарды қарш-қарш кешіп, дәлізге енді де, аяқтарын сүрте бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *