Дүниежүзілік мәдениеттің классиктері


Дүниежүзі мәдениетінің қазынасына үлкен үлес қосқан әйгілі классиктер- Рудаки, Фирдоуси, Омар һайам, Сағди, Хафиз, Жәми, Низами, Мақтұмқұлұл, Абай- поэзия алыптары.
Абулхасан Рудаки- иран –тәжік әдебиетінің негізін салушы. Ол данышпан ойшыл, ақын, асқан әнші, сазгер болған.
Шығыс поэзиясының жарық жұлдызы- Әбілқасым Фирдоуси(940-1030). Оның «Шахнама» эпопеясы тәжік парсы поэзиясында ғана емес, күллі әлем әдебиетінен орын алады.
Әлемге аты жайылған математик, философ, ақын Омар һайамның (1040-1132) «Алгебра туралы трактатының» маңызы өте зор.
Парсы-тәжік әдебиетінің аса ірі өкілі, дүние жүзі әдебиеті лириктерінің бірі- Шамсаддин Мұхаммед Хафиз (1300-1380). «Хафиз»- ақынның бүркеніш аты (псевдоним). Өйткені сол заманда Құранды басынан аяғына дейін жатқа айтқан адамды « Хафиз» дейді екен. Ақын өз кезінде сол атаққа ие болады. Оның «Ғафал», «Шираз бұлбұлы» деген жырлары өте жоғары бағаланады.
Әбдірахман Жәми (1414-1422)- парсы-тәжік классикалық әдебиетінің ең соңғы ұлы шайыры (ақыны). Жәмидің көп өлеңдері ғашықтық тақырыбына арналған. « Жібек шаш», «Көз жасының меруерті», « Махаббат тұтқыны»- жиһанға мәлім шығармалары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *