Тарихи өлең

Тарихи өлең. Басқа түрлерге қарағанда бұл топтағы шығармалар
тарихилығымен ерекшеленеді. Халықтың басынан өткен тағдырлы
оқиғалар қай кезде де болып тұрған. Осы оқиғаларды жедел түрде өлең етіп жырлау, ондағы негізгі сәттерді, ерен ісімен көзге түскен адамдарды суреттеу дәріптеу – тарихи өлеңнің үлесі. Осы тұрғыдан келгенде оны – елгезек (оперативті) жанр десе де болады. Батырлық және тарихи жырдың біраз бөлігі осы тарихи өлеңдер негізінде пайда болған. Тарихи өлеңнің кейбірі тұрақты әуенмен айтылады. Соның бірі – «Қаратаудың басынан көш келеді» деп айтылатын өлең («Елім-ай»). Біздің дәуірімізге жеткен тарихи өлеңдердің ішіндегі ең көнесі – Дайырқожаның өліміне және Жошының қаза болуына байланыстырылады. Одан кейінгі шақтарда туған өлеңдер де бар. Олардың мазмұны нақты, оқиғасы реалды, адамдары тарихи болып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *