ЖӘПЕК БАТЫР – АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ӘСКЕР БАСШЫСЫ

 


Кенжеғалиев Құлыш Көшенұлы
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университетінің доценті

Еліміздің соғыс тарихында ерекше орын алатын хас батырларының бірі – Жәпек батыр. Оның есімі Қазақстанда әлі кеңінен мәлім болмай келеді. Бірақ, Абылай ханның тікелей ұрпағы Шыңғыстың баласы, белгілі ғалым-этнограф Шоқан өзінің еңбегінде Жәпек батырдың ерлігін паш еткен. Бабасы Абылай ханның шежіресін зерттеген Шоқан Жәпек батырды да жетік білген. Абылай хан аң аулауға шыққанда ең сенімді серіктерін, қолбасшыларын алып жүрген. Сондай серуендерінің бірінде бірнеше күн ат үстінде жүріп шаршаған олар қатты шаршап ұйықтап қалады. Сол кезде қалмақтың қонтайшысы Қалдан Серенге Жәпек батырмен бірге тұтқынға түсіп қалады.
Шоқан Уәлиханов қазақ батырларын зерттеген ғалым, этнограф өзінің «Исторические предания о батырах XVIII века» деген мақаласында мынадай мәлімет келтіреді. Шоқан жазбаларының көбін орыс тілінде жазған, сондықтан, түп нұсқасынан аудармай келтіруді жөн көрдім.
В этой статье Шоқан к батырам сподвижникам Абылай хана относит «карабужур канджигалинца Джанатая из того же рода Богенбая» [1, 216].
Не себептен Абылай Галдан-Серенге тұтқынға түскенін Шоқан осы мақаласында былай жазады: Плен Аблая у Галдан-Черена. В одном из нашествий джунгаров на киргиз Аблай убил на единоборстве сына Галданова Чарча. Галдан узнав о смерти любимого сына своего, виновника его, кто бы он ни был, где бы он ни находился, схватить. Калмыки, посланные для сего, настигли его врасплох на охоте, схватили с несколькими биями, со знаменитым батыром Худайберды атыгаевского рода Джапеком и привели к Галдану [1, 217].
«На вопрос, где ты убил моего сына, Аблай отвечал: обвинение пало на меня, а был убит народом, через меня испонилось воля народа, над сыном твоим Чарчем. Галдан так был доволен этим ответом, чтотнесколько раз повторил: мöн, мöн, остановил палачей и велел запереть в юрту и иметь строгийнадзор.Тогда-то начались мучения Аблая: мать Черча каждый день ходила смотреть на убийцу сына казаков (киргизов), каждый день исправно мучила их угрозами и проклятиями, отпускала изрядную порцию энергического проклятия, сопровождала их не менее энергическими жестами и приговаривала как ты мог убить его? Разве можно было убить его?
Аблай не вытерпел и однажды, когда по обыкновению после предварительных сентенций, (она), скрежеща зубами, поднесла кулак свой к его лицу, сделала обычный свой вопрос, он отвечал: Где не умирал такой блудный раб, как твой сын, старая калмычка!» Она бросилась к мужу, требуя смерти дерзкого казака, и Галдан, боясь чтобы она в самом деле не убила бы Аблая, отпустил его и Джапака батыра, взяв в аманаты (заложник) сына последнего, который по ловкости своей на охоте и храбрости и прослыл под именем Рыжего киргиза (Сары казака) [1, 218].
Бұл жерде қалмақтың қонтайшысы Қалдан Серен Абылай ханның батырлығына, сөзіне риза болып босатып жібергені көрініп тұр. Екіншіден, Абылай қазақтың ханы әрі батыры болса да, атақты Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошыдан тарайтынын біліп Шыңғыс ханның аруағына тағзым етуі мүмкін.
Ал, Жәпек батырға келетін болсақ, ол – Абылай ханның бас қолбасшысы. Сондықтан, серуенге Жәпек батырдың міндетті түрде шығуы содан. Жәпек батырдың шежіресі оның ұрпақтарында осы күнге дейін бар. Оны кезінде Жәпектің ұрпағы белгілі жазушы, драматург Шахмет Құсайынов елге келгенде бәріне үлестіріп беріп кеткен. Сол шежіреде Жәпектің кімнен қалай тарайтыны, Жәпектен кімдер тарайтыны туралы мәліметтер жазушы Т.Сәдуақасовтың «Ел мен жер» атты кітабында берілген.
Жәпек батыр Орта жүздің Арғын – Атығай – Қалқас батыр – Құдайберлі. Бәйімбеттің бесінші баласы Құлымбет – Ораз – Дәуітбайдан – Жәпек батыр – одан Қарасай батыр – Аю батыр – Аюдан – Құлболды би – одан Жантай – одан Көшен мен Мақан – Мақаннан – Құсайын – одан Шахмет (жазушы, драматург) – одан Көбей (филология ғылымдарының докторы, профессор) Көшеннен – Байкенже– одан Қабытай – одан Абай (медицина ғылымдарының докторы, профессор). Абай Байгенжин Астанада «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның басқарма төрағасы.
Шахмет Құсайынов елге келгенде көнекөз қариялармен көп әңгімелесетін, сонда жетінші бабасы Жәпек батыр туралы шежіре жинап жастарға мұра ретінде айтып әңгімелеп отыратын. Шахметтің әкесінің інісі Еркөкше өмірінің соңғы кезінде бәйбішесі екеуі біздің үйде тұратын. Еркөкше – сал атанған өнерлі кісі болатын, домбырашы, күйші әрі әнші. Сонымен қатар, қазақта жеті деген киелі сөз бар ғой, Шахмет сол Жәпек батырдың жетінші ұрпағы, қариялардың айтуынша Шахметті Жәпек бабасына тартты дейтін.
Шахметті мен өзім көргенмін. Сымбатты, ұзын бойлы, бұйра шашты сөзге шешен, ойға жүйрік ерекше жан. Бір күні Сырбай Мәуленовпен цығандардың шыққан жері туралы ой талқылап отырған. Сонда Сырбай аға Бессарабия деп бой бермейтін, ал Шахмет аға болса цығандардың елі Индия деп дәлелдейтін. Уақыт өте келе Шахметтің позициясы дұрыс екені күмән тудырмайды. Кезінде Шахаң суретші эскиз ретінде ұсынылып отырған Жәпек батырдың суретін менің әкем Кенжеғалиға беріп кеткен. Соны есіме түсіріп, рухани жаңғырудың аясында шағын мақала қылып жазып отырмын. Қазақта жеті атасын білмеген жетесіз дейді. Мен мектепке бармай тұрғанда 12 атамды жатқа білетінмін, ауылдың ақсақалдары жиын-тойда мені ортаға шақырып алып соны айтқызатын. Әттең, сол кезде жазу-сызу болмағандықтан көп мұраларымыздан айырылып қалдық, енді рухани жаңғыру идеясының аясында шежіремізді, мұрамызды ұрпаққа насихаттауға зор мүмкіндік туып отыр.
Абылай ханман үзеңгілес болған Жәпек батыр ерлігі жастарды елжандылыққа тәрбиелеуге үлкен септігін тигізері сөзсіз деп ойлаймын. Рухани жаңғыру аясында Жәпек батырдың батырлық сипатын көрсетіп тұратын ескерткіштер Астананың, Көкшетаудың көшелеріне қойылса аруағы риза болар еді деп ойлаймын. Қариялардың айтуына қарағанда Жәпек батыр шешен әрі көсем кісі болған. Оған дәлел – Жәпек батырдың шөбересі Құлболды би. Құлболды би елге әділ билік жасаған, ел ымыраға келіп, ынтымақпен жарасып өмір сүрген [2, 48]. Ел аузында сондай билер туралы Жаңғал би былай деген:
Жылғарадай ерлердің,
Жұлығынан келмейсің.
Құлболдыдай билердің
Құлдығы бол өлмейсің [2, 48].

Көкшетаулық ақын, жазушы, драматург Төлеген Қажыбаев «Жәпек батыр» атты поэма жазып, батырдың ерлік істерін әр қырынан шеберлікпен жеткізген.
Мен өз шежіреме негіздей отырып, көрген-түйгенімді Жәпек батырдың ұрпағы ретінде өз топшылауыммен жеткізе білдім. Жәпек батыр – Алаштың хас батыры ғана емес, көрегенділігімен, тектілігімен, парасаттылығымен танылған ұлы тарихи тұлға.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Валиханов Ч. Собрание сочинений в пяти томах.
Том І.– Алма-Ата, главная редакция казахской советской энциклопедии, 1984. стр.216-218
2. Садуақас Т. Ел мен жер.Тарихи танымдық жинағы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2003. – 48-б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *