Авторлық табақ – автордың, аудармашының немес суретшілердің еңбектерінің көлемін көрсететін өлшем бірлігі. Бір авторлық табақ – 40 000 мәтін таңбасына немесе 700 өлең жолдарына немесе 3000 см бейнелік материалдарға тең. Мәтін таңбаларына – әріптер, тыныс белгілері, сандар, әртүрлі символдар және сөздердің арасындағы ашық жерлер жатады. Авторлық табақтағы әріптердің кеглі 14 пунктке, мәтін жолдарының аралығы екі интерлиньяжға тең болатындықтан, табақтың әр бетіндегі таңбалардың сыйымдылығы 1800 таңбаға тең болуы керек. Бұл шамамен 22-23 бетке тең.