ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Сегіз қырлы балықты,
Тоғыз қырлы жігіт алады.


Селтендеген — жігіттің соры,
Секендеген — серкенің соры.


Суға тері и болмас,
Сұғанақ жігіт би болмас.


Соры бар жігітке, сортаң жер жолығар,
Айналасы ойпаң жер жолығар.


Сусыз жердің шөбі аясыз,
Ұлсыз ердің малы аясыз.


Сандуғаш гүлге ғашық,
Жігіт қызға ғашық.


Су жетпеймін демейді, жар жеткізбейді,
Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.


Су тасыса жиегіне,
Ер тасыса еліне.


Салмай жортқан жігіттен,
Салмай құлындаған бие артық.


Сарман тауда салқын жоқ,
Саналы ерде ұйқы жоқ.


Саналы ерде сауыт бар,
Санасыз ерде қауып бар.


Судың жолын құм бөгер,
Ердің жолын бөгер.


Селтеңдеген жігіт серкесінің соры.


Тамағы жаман жігіттің, қабағы жаман.


Тамақ табағымен жарасты,
Батыр жарағымен жарасты.


Талапты ерге нұр жауар,
Талапсыз неме күр қалар.


Тәуір жігіт ақылына сендіріп іс қылар,
Жаман жігіт оп-оңай істі күш қылар.


Текті жігіт тек жүрер,
Текелес киік жай жүрер.


Тура ағаш үйге тіреу,
Тура жігіт елге тірек.


Тыртықай жігітке,
Жыртақтай әйел кез болады.


Тамырсыз болар ер оңбас,
Тоңға жатса мал оңбас.


Тамшы жерге пайда, талқы ерге пайда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *