МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Оқ тебен болып кіріп, теңге болып шығады.


Олақ жаман,
Олақтан салақ жаман.


Орақшы орақ таңдамайды,
Батыр жарақ таңдамайды.


От ішінде туған оттан қорықпайды.


От түтінсіз болмас,
Жігіт мінсіз болмас.


Ажар өлерін білмейді,
Өжет қорлауға көнбейді.


Өзі болған жігіттің,
Түп атасын қазған ит.


Көкорай шалғын түрғанда,
Ку тақырға қонған ит.


Өзім білем деген жігіттің,
Басына ойран салғаны.


Көп біледі деген жігіттің,
Еліне қорған болғаны.


Өліспей беріспейді.


Өскен үрпақ туған жердің бойында,
Өледі тек туған елдің қойнында.


Өнерлі жігіт қиындықты көп көрер.


Өнерді үйрен де — жирен.


Өрлеген балық ауға жолығады,
Өр кеуде жігіт дауға жолығады.


Түзде жүріп, жау жайратқан батырмын,
Үйге келіп, құрт қайнатқан қатынмын.


Пышағым бар жетесіз,
Туыпты шешем некесіз.


Өзі болған жігіттің,
Тегін сұрап нетесіз?!


Пайдасы бар жігіттер,
Дария, шалқар көлмен тең.


Пайдасы жоқ жігіттер,
Ел қонбайтын шөлмен тең.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *