Күн жаумаса жер жетім,
Кемпірі өлген шал жетім.
Кор көкірек жігіттен,
Ер көкірек егде артық.
Көп бейнеттің бір зейнеті болады.
Көпті көрген дана болады,
Қартайып кетсе бала болады.
Күніне асыл десең де,
Қартайғанда ер жетім.
Кәрі — қалтаң, жас — жалтаң.
Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.
Кәріге құрмет — балаға міндет.
Кәріге — құрмет, жасқа — ізет.
Кішіні үлкен десең, үлкенге жетер.
Кішіні алдап үйренгеннің
Үлкенге де тісі батады.
Қарғанғанда: «етегіңді жап» деген не сұмдық.
Қырықта — қылаң, елуде — елес.
Қарты бар үйдің құты бар.
Қарт қойнында қалаш бар.
Қатарынан қалған кәрі жетім.
Қартайған кісіге аттың боғы да алтын болып көрінеді.
Қырын кеткен қырқында шал болады.
Қырықтан асқан жас жоқ,
Қымыздан асқан ас жоқ.
Қатыннан асқан қас жоқ,
Үйқыдан асқан нас жоқ.