ЖІГІТ, ЕР, ӘЙЕЛ, ҚЫЗ, КЕМЕЛДІК ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Кемел жігіт кешірімді.


Кілем төрге керек,
Қылыш ерге керек.


Қайныңа да барарсың,
күйеу атанарсың.


Қайраны жоқ көлден без,
Қайырымы жоқ ерден без.


Қырсыққан жігіт мал таппас,
Адасқан жігіт жол таппас.


Күнтсыз жігіт ат мінсе,
Көсеуменен сабалар.


Құнтты жігіт ат мінсе,
Ат аяғын тағалар.


Қыран бүркіт асырар ердің даңқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын.


Қыз көрейік, қыз көрейік,
Қыз көретін жігітті біз көрейік.


Қыз ерке болса, қыңыр сиеді.


Қызым жақсы болсын десең, қызы жақсымен
ауылдас,
Ұлым жақсы болсын десең, ұлы жақсымен
ауылдас бол.


Қыз алмаған жігіттің,
Қырық қызда дәмесі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *