ЖІГІТ, ЕР, ЕРЛІК ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Ерге дәулет бітерде,
Қарға салса, қаз алар.


Ерден дәулет кетерде,
Лашын салса, аз алар.


Ертеңін ойламаған еркектен без.


Елден безер ер болмас,
Өнерлі құл қор болмас.


Ерді асы үшін сыйлама,
Басы үшін сыйла.


Ер белгісі құнында,
Зер белгісі пүлында.


Ердің өзіне қарама, сөзіне қара.


Ер жігіттің өзі шығар биігі бар.


Ер елімен жақсы, жер кенімен жақсы,
Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.


Жерден жердің несі кем,
Егін шықса, гүл өссе.


Ерден ердің несі кем,
Уәдесін үде етсе.


Жау жеңетін жігіт жарағынан танылғы.


Жауға аттанар жігіт, төл атын мінеді.


Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмын деп мақтанба, барып қайтпай.


Жалғыз батыр жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *