ЖАУ, ЖІГІТТІК, КҮШ, ЕР ЖІГІТ ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Жауды көрсе, ердің жүзі қызарар,
Жауға кірсе, жердің жүзі қызарар.


Жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шап.


Жауға қойынды қалдырсаң да,
Сойылыңды қалдырма.


Жорғадан туған жортақ бар,
Шеберден туған шорқақ бар,
Батырдан туған қорқақ бар.


Жаза баспас мерген болмас,
Жаңылмас жан болмас.


Жалғыз жігіт дауға жоқ.


Жоқтық жомарттың қолын байлайды.


Еңбек ерлікке ж…
Жалғыз кісі жауынгер емес.


Жігіттің шерулі аты қаралас.


Көреген басшы елді өсіреді,
Күшті майдан ерді өсіреді.


Күш батылдыққа ереді.


Күнсіз гүл өспес,
Күтусіз үл өспес.


Кекшіл бала — дықшыл.


Көшкен жұрттың қадірі қонғанда өтер,
Ер жігіттің қадірі өлгенде өтер.


Кемер белбеу бел сәні,
Кемел жігіт ел сәні.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *