Жастық туралы мақал-мәтелдер

Жас келген сайын, жан жақын келеді.


Жақсы кісі қартайса да, ақылынан танбас,
Жақсы ат қартайса да, жүрісінен жазбас.


Жарқылдайды екен деп, жастықты сөкпе
Бәріңнің шыққан жерің сол.


Қалтылдайды екен деп, қарттықты сөкпе —
Бәріңнің барар жерің сол.


Жас та болса — бас.


Жас өле ме, кәрі өле ме.
Жылы бірдің — бір, 
бірдің — тілі бір.


Жүзге жет,
Жүзге жет те, жер ошаққа кір.


Жүре берсең — көре бересің,
Көре берсең — көне бересің.


Есік алды төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.


Ауылда бір қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.


Ер қартайса еркі кетер,
Әйел қартайса көркі кетер.


Жаста оқыған оқуың
Тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың —
Мұзға жазғанмен бірдей.


Жақсы кісі қырқында толады,
Жаман кісі қырқында солады.


Жастық шақ ақ алмас,
Жоғалтқан таба алмас.


Жастың тілегі, қарттың батасы қабыл.


Жастың жеңінің ұшын жамаса,
Қарыс бойы өседі.


Жас өсемін деп үмітті,
Жалғыз көбейем деп үмітті.


Жарлы байымын деп үмітті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *