Жастық, кәрілік, қария, өмір туралы мақал-мәтелдер

Жас әкетпей, күш әкетеді.


Жолдасын таппаған ер азады,
Қордасын таппаған жер азады.


Аузынан ана сүті кеппеген,
Белінен бесік табы кетпеген.


Жігіттік — гүлстан,
Кәрілік — көрстан.


Ат қартайса, үрыншақ болар,
Ер қартайса, жаңылшақ болар.


Бітісі жаман қамысты
Су ішінде өрт алады.


Жетесі жаман жігітті
Ажалдан бұрын дерт алады.


Керегінді көнеден сура,
Көне білмесе, көп жүргеннен сура.


Көңілі қараң, жолдасынан айрылады,
Көп жасаған, құрдасынан айрылады.


Кәріліктің алды, жастықтың арты.
Кәріге — құрмет, жасқа — жол.


Кәрінің бары игі.


Кәрі жатса құрайды,
Жас жүрсе құрайды.


Кәрі білгенді, пері білмейді.


Кәрінің бәрі өледі,
Жастардың ажалдысы өледі.


Кәрі кісі де бір,
Кәріп кісі де бір.


Кәрі де бір, бала да бір.


Кәрісі кімнің бар болса,
Хаты соның қолында.


Көңіл қартаймас, көз қартаяр.


Көп жасап күміс болғанша,
Аз жасап, алтын бол.


Кемпір бала жүбатқанын үмытып,
Өз гөй-гөйіне басады.


Көп ортасында кәрің болсын.


Күні өткеннің күні артық.


Көлдің аққуы кетіп, қазы қалды,
Өмірдің көбі кетіп, азы қалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *