Ешкі туралы мақал-мәтелдер


Ешкі мінген балаға,
Есек мінсе ерсі емес.


Ешкі; «Ақыры сойған сон, касапшы сойса
екен» деп жылайды екен.


Ешкі егіз тауып, қойдан көп болмас,
Ит сегіз тауып, малдан көп болмас,
Ешкі бастаған кой егінге түседі.


Жиеннің нағашыда алынбаған қырық серкеші
болады.


Ешкі егіз табады, шошқа сегіз табады.


Ешкі жейді ебелек, ешкіні жейді кебенек.


Жеті ешкіге — жетпіс теке.


Киік қағынан ішкен ешкі егіз табады.


Кекіреге тойған текедей бақылдап.


Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.


Қотыр теке, қора былғар.


Қойды жел ұшырса, ешкіні аспаннан көр.


Қысыр қалған ешкіден,
Лақтаған шыбыш артық.


Қорада лақ туса, өрісте от өнер.


Пышақ жетесіз болмас,
Ешкі текесіз болмас.


Сегіз ешкіге сексен теке.


Серке еті — ем, ешкі еті — жел.


Селтендеген — жігіттің соры,
Секендеген — серкенің соры.


Сақал текеде де бар.


Тапқан — тапқандікі,
Ешкі — баққандікі.


Тентектің есіл-дерті — бұзу,
Текенің есіл дерті — сүзу.


Теке де болса құтты болсын,
Ешкі де болса сүтті болсын.


Түйенің құйрығы жерге жетсе,
Ешкінің құйрығы көкке жетер.


Тоқал ешкі қой бұзар.


Тоқал ешкі өзін лақпын деп ойлайды.


Текенің ағы не, көгі не — бәрі сасық.


Түйенің құйрығы жерге жетсе,
Ешкінің құйрығы көкке жетеді.

 

Теке де болса, құтты болсын,
Ешкі де болса, сүті болсын.


Түйесі кетеген, ешкісі ереген.


Түйе ағаш басын кемірсе,
Ешкі таңданады.


Таудағы ешкі ыңғай берсе,
Етектегі теке дедектеп жетеді.


Үлкен десең, түйеге жүгін,
Сақалды десең, текеге жүгін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *