Әркім өзі лағын теке қойғысы келеді.
Бала таппаған қатыннан, лақтаған ешкі артық.
Бак-бақ еткен текені, кар жауғанда көреміз,
Батырсынған жігітті, жау келгенде көрерміз.
Бір лақ екі адамды талтандатады.
Ешкі бақсаң, жүні коп болады,
Мүйізі пышаққа сап болады.
Ешкінің еті ет болмас,
Саудагер кісіде дос болмас,
Ешкі майы май емес,
Кісі байы бай емес.
Ешкілі кой өреген.
Ешкі тасқа шыкласа, қышиды.
Ешкілі қой өреген,
Есепті жігіт береген.
Ешкі қырқылған сайын бір өледі,
Ер жігіт ұялған сайын бір өледі.
Есі кеткен ешкі жияр, ешкіменен есін жияр.
Есінді жиғың келсе, ешкі асыра.
Ешкі тастан тасқа секірсе, түйе таң каналы,
Түйе биіктегі бұтаны үзіп жесе, ешкі таң калады.
Ешкінің бақшаға бір карағанының өзі залал.
Емініп тиген байымды,
Ешкі теуіп өлтірді.
Ешкіні түлен түртерде,
Шопанның таяғына сүйкенер.
Ешкі бақтым — еңіреп бақтым.
Егіз лақты ешкіге,
Екі елі май кім берсін?!