Есек туралы мақал-мәтелдер

Ергежейліге есектен биік көлік жоқ.


Есекті есек десең иесінің көңіліне тиеді,
Есекті ысқылағанша, иығын шүқыла.


Есек айтыпты: «Басым аман болса, теңізден де
су ішермін».


Ер дұшпансыз болмас, есек тұсаусыз болмас.


Есек шаршап ішсе:
Ер-тоқымын сыйға беріп, өзі жауыр болар.


Есектің түбіне «пия, пия» жетер.


Есек мінген ат сұрамайды,
Балық жеген ет сұрамайды.


Естімеген елде көп,
Есек мінген жолда көп.


Есек жорға қатқақта,
Сыры мәлім батпақта.


Есегіне жараса тұсауы.


Ишаным деп есегімнен айрылдым.


Жазда жұмыс істемеген диқан,
Кыста кесек жер.


Жаманды жанға санама,
Есекті малға санама.


Есек өзін атқа балайды да,
«Әттең!» деп құлағына карайды.


Жаяушылық тартқанда,
Жүрмес есек ат болар.


Қарын қатты ашқанда,
Қара талқан қант болар.


Қараусыз қалған есек,
Қасқырдың олжасы.


Мың сан қол өте алмаған қамалдан,
Алтын арқалаған есек өтіпті.


Меккеден келді көк есек,
Баяғы есек — сол есек.


Түйе сілкінсе, бір есекке жүк қалар.


Түйе терісі есекке жүк.


Шаршап жүріп мінген есек аттай болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *