Есек туралы мақал мәтелдер


Ат жегенді есек те жейді.


Ат елірсе, есек қоса еліреді.


Батпаққа баткан есекке оз иесінен мықты жок,
Бір есек қырық түйені жетелеп,
Жолдан шығарып әкетеді.


Ескі мешітке көмек азаншы,
Есі кеткен ауылға есек азаншы.


Есек есекті кеспеге қасиды.


Есектен есек қалса, құлағын кеседі.


Есекті отқа айдасаң, боққа қашады.


Есектің күші — адал, сүті — арам.


Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған болады.


Есек семірсе, иесін тебеді.


Есек түсаусыз болмайды,
Ер дүшпансыз болмайды.


Есек барға саналса да, малға саналмайды.


Есекке үкі тақпайды,
Ешкіге жабу жаппайды.


Есекке үкі таққандай,
Итке жабу жапкандай.


Есек құлағының ұзындығына мақтанар,
Есалаң жүзінің қызылдығына мақтанар.


Есекке ерген күлге аунар.


Есек мінген еңбегін мінер,
Етегіне қарай тұсауы.


Есек көпір үстінде қинайды.


Ер-тұрманы алтын болса да,
Есектің есек аты қалмайды.


Есек жорға қатқақта, сыры мәлім батпақта.
Есек мінген елге жетер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *