ЕЛ, ЕРЛІК, БІРЛІК ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Ел басына күн туғанда,
Ер етігімен су кешер.


Ерді — намыс, қоянды — қамыс өлтіреді.


Ердің атағы туырлықтай,
Өзі бұлдырықтай.


Ел — ырыстың кілті,
Ер — ырыстың кепілі.


Ерді жаяулық емес, қаяулық аздырар.


Ердің малы — елдің малы.


Ердің малы елде, еріккенде қолда.


Ерлікте қол жоқ.


Елуінде ер дана.


Ер өліспей, беріспейді.


Ер тарықпай, молықпас,
Ерден елтірі даулап алсаң да олжа.


Еркенің жасы кеппес,
Жорғаның тері кеппес.


Екі ағайынды жігіттің,
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің
Шығар-шықпас жаны бар.


Ер жігіт үш ақ үй, үш қара үй тігеді.


Екі ел егес болса.
Епті жігіт қатын алар.


Ерден сауға, елден достық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *