Өз реакциямызды таңдай отырып, жағдайдың барысына әсер ете алатынымыз мені қатты жігерлендіреді. Химиялық формуланың бір элементін өзгертсең, ақырғы нәтижесі басқаша болып шығады. Бірнеше жыл бойы басшысы өте ширақ бір ұйыммен серіктесе жұмыс істедім. Ол жаңалық атаулыға үнемі құлағы түрік жүретін. Ашық-жарқын, қабілет-қарымы мол, шығармашыл, талантты түлға еді — оны бәрі мойындайтын. Апайда оның басқару стилі тым авторитарлық болды. Ол адамдарға өз пікірі болмауға тиіс қолбала сияқты қарайтын. Қызметкерлерімен шамамен былай сөйлеседі: «Шыға түрыңызшы… Ананы әкелші…. Мынаны бүйте сал… Ал енді
мынаны… Өзім шешемін!» Жеме-жемге келгенде, бүкіл басқарма қызметкерлерін өзіне қарсы қойып алды. Адамдар дәліздегі әжік-күжік әңгімеде бастығына көңілі толмайтынын айтып, бір-біріне шағымдануды шығарды. Олар жағдайды кәдімгідей шын талқылап, дәйектер мен тығырықтан шығудың жолдарын іздеді — калыптасқан жағдайды өзгертуге тырысып бақты. Бірақ олардың бұл талқылауы тым созылып кетті. Өзара әңгімеде күнделікті болып жатқан жағдайға президентін айыптай берді. Олардың кемшілігі де осы еді.
— Бұл жолы не істегенін білесіңдер ме? — деді біреуі — Жуырда ол менің
бөліміме келді. Бәрін даярлап, жоспарлап қойған едім. Ол келді де, керісінше
істе деп бұйырды. Қанша айдан бері жасаған жұмысым желге ұшты. Онымен
қалай жұмыс істеуге болады, а? Басым қатты. Зейнетке қашан кетер екен?
— Ол небары елу тоғыз жаста, — д еді екіншісі. — Тағы алты жыл шыдайсың
ба?
— Білмеймін. Ол өзі зейнетке шықпайтындар қатарынан сияқты.
Алайда арасындағы бір менеджер проактив болып шықты. Ол сезімге емес,
құндылықтарға сүйенетін. Ол ынталы жан еді, жағдайды жете түсінетін, қалай өрбитінін де бағамдай алатын. Президенттің осалдығына көз жүмып қараған жоқ. Алайда басқалар секілді оны беталды сынаудың орнына, олкылықтың орнын толтыруға тырысатын. Ол президенттің авторитарлы басқару стилінің кемшілігін жасырып-жауып, қызметкерлер мен бастығының ортасында дәнекер болды. Ол басшысының мықты қасиеттеріне: оның танымына, талантына, жасампаз қабілетіне арқа сүйеді. Әлгі қызметкер өзінің ықпал ету шеңберіне екпін түсірді. Басшылық оған қолбала сияқты қарайтын. Алайда ол өзінен күгкен нәтижеден де көп іс тындыра бастады. Ол президенттің не қалайтынын, оны не мазалайтынын түсінуге тырысты. Сөйтіп, осы түсініктің арқасында басшысына кұрғақ есептен гөрі жағдайға өз сараптамасы мен ұсыныстарын бере бастады. Бірде мені әлдебір мәселе бойынша кеңесуге шақырған президент былай деп тіл қатты:
— Стивен, мына адамның жасағанына таңмын! Ол маған қажет мағлұматты
ғана ұсынбай, қосымша мәліметтермен толықтырып әкеледі. Ол тіпті сол мәліметтерді талдап, мені мазалап жүрген, қордаланған мәселелерге өз көзқарасы мен ұсыныстарын берді. Ұсыныстары сараптамасымен сәйкес келеді. Нақты мәліметтерге құрылған. Тамаша қызметкер! Тым болмағанда, жұмысымыздың осы бағытына енді алаңдамайтын болдым. Кезекті жиналыста компанияныңәкімшілік өкілдерінің барлығына әдеттегідей «мынаны бүйт», «ананы сөйт» деген нұсқаулар берілді. Тек бағанағы қызметкерге ғана президент бұрылып: «Сіз бұл туралы не ойлайсыз?» деп сұрақ қойды. Оның ықпал ету шеңбері кеңейді. Бұл жайт үжымды біраз әбігерге салды. Әкімшіліктің дәліздерінде реактив сана иелері әлгі проактив қызметкерді сыртынан сөз етіп, одан есе қайтарудың жоспарларын қүрысып жатты. Реактив адамдардың айрықша қыры — олар ылғи жауапкершіліктен жалтаруға бейім. «Мен бүған жауапты емеспін» деп айта салу ең оңайы. «Мен бұған жауап беремін» десем, яғни менің жауап бермеймін деп айтуға да мүмкіндігім болғаны. Өз реакциямды таңдау мүмкіндігім бола тура, мен айналамда негатив туғызып, кей адамды өзіме қарсы қойғанымды мойындау қиын. Әсіресе көп жыл бойғы нәтиженің жауапкершілігін басқаға артып, өзгелердің кемшілігімен акталуға әдеттенсем жаман. Сондықтан реактив адамдар неліктен ештеңеге жауап бермейтінін айту үшін дәлел мен дәйек іздеп әлек болады. Алайда біздің кейіпкеріміз бұл тақылеттес адамдармен қарым-қатынаста өзін өте проактив ұстады. Бірте-бірте әріптестер арасында да беделі мен ықпал ету шеңбері өсе берді. Бұл мекемеде ешкім, тіпті президент те, оның қатысуынсыз немесе мақүлдауынсыз ешқандай әрекетке бармайтын деңгейге жеткенше, ол жалғастыра берді. Бірақ президент бұл адамнан қауіптенген жоқ. Өйткені оның қарамағындағы қызметкердің мықты жақтары өзінің жақсы жақтарын бекіте түсті, ал осал тұстарының орнын толтырды. Мықты тандем, команда пайда болды. Бұл адамның табысының жағдайға түк қатысы болмады. Оның әріптестері де дәл сондай жағдайда болған. Бар айырмашылығы — ол өзінің ықпал ету шеңберіне екпін түсіріп, жағдайға өз реакциясын таңдауында. Біреуге проактив жандар бетпақ озбыр, тасжүрек көрінуі мүмкін. Шынтуайтында, олай емес. Проактив жандар ұждансыз емес. Олар ақылды, қүндылықтарға арқа сүйейді; шындықты түсінеді, не істеу қажет екенін біледі. Гандидің өнегесіне мән берейікші. Заң шығарушы орган оны басқа қоғам қайраткерлері сияқты алаңдау шеңберіне назар аударғысы келмеді — үнді халқын басып-жаншыған Британия империясына қарсы бір ауыз сөз айтпады деп айыптап жатқанда, Гандидің өзі күріш алқаптарындағы шаруалар ортасында жүрді — алаңсыз ықпал ету шеңберін кеңейте берді. Оның бүкіл елді аралап шыққан жолсапары халықтың қолдауына, сеніміне, адалдығына ұласты. Гандидің жеке кабинеті, саяси мансабы болмағанымен, ол ет жақынына жанашырлық білдіру, жеке басының батылдығы мен адамгершілікті ту еткен ұстамдылығы арқасында, яғни ықпал ету шеңберін кеңейту арқылы Англияны тығырыққа тіреп, оның үш жүз миллион халқы бар Үндістанға саяси үстемдігіне тоқтау салды.
Стивен Кови
Жасампаз жандардың 7 дағдысы