ИЕ БОЛУ МЕН БАР БОЛУ

 

Проблемамыз қай санатқа жататынын білу үшін ие болу мен бар болу ұғымдарының айырмашылығын түсіну керек. Қамқорлық шеңбері сан түрлі ие болудан тұрады:
— Несиесі толық төленген үйім болса…
— Үстемшілдігі жоқ басшым болса…
— Күйеуім шыдамдырақ болса…
— Балаларым тілалғыш болса…
— Ғылыми дәрежем болса…
— Өзіме арнайтын уақытым көп болса,… мен бақытты болар едім.
Ал ықпал ету шеңбері *бар болу» ниетіне толы: мен әлдеқайда төзімді
бола аламын, парасатты бола аламын, сүйікті бола аламын… Мұнда ең
бастысы — мінез. Түйткілдің бәрі «басқа жақта» деп ойлаған сайын, осы ойдың өзі тығырыққа тірейтінінін түсінуіміз керек. Біз ішіміздегі емес, «басқа жақтағы» әлденеге өзімізді билеп-төстеуге жол бердік. Бұл — «сырттан ішке» өзгеріс парадигмасы, яғни бізден тыс дүние өзгергенде ғана өзімізді өзгертуге талпынамыз дегенді білдіреді… Ал проактив тәсілдің мәні — «іштен сыртқа» өзгеру: басқа болуға бет бұру, сол арқылы сырт дүниедегі оң өзгерістерге түрткі болу — мен бұдан әлдеқайда ыждағатты бола аламын, әлдеқайда тапқыр бола аламын, серіктестікке анағүрлым ашық адам бола аламын. Ең сүйікті әңгімемнің бірі — яһуди-христиандардың жазба мұрасы – Көне өсиеттен алынған. Бүл қисса Жүсіп туралы. Оны ағалары он жеті жасар кезінде Мысырға құлдыққа сатып жібереді. Потифардың құлы болып кеттім
деп іштей қорланса, ағалары мен қожайынын жамандауына, қолы жетпеген
нәрсе үшін бүкіл әлемді кінәлап өтуіне де болар еді. Бірақ Жүсіп, қазіргі тілмен айтқанда, проактив адам болды. Ол үшін ең бастысы бар болу еді. Көп
ұзамай Потифар үйінің меңгерушісі атанды. Жүсіпке сенім артқаны сондай —
Потифардың бар байлығы оның қадағалауында еді. Бір күні Жүсіп қиын жағдайға тап болды. Алайда кінәсін мойындап, абыройын аяқасты еткісі келмеді. Ақыры, нақақтан он үш жылға түрмеге тоғытылды. Жүсіп қайтадан өзін өте проактив үстады. Ішкі шеңберінде әрекет ете отырып, ие болуға талпынбады, тек бар болуды ойлады. Біраз уақыттан соң ол түрме бастығына дейін өсті. Ақырында, бүкіл Мысырды уысында ұстаған перғауыннан кейінгі екінші адамға айналды. Бұл идеядан көп адамның парадигмасында өзгеріс болғанына шүбәм жоқ. Өзіңнің мүшкіл халіңе басқа біреуді, жағдайды, өмірлік кедергілерді кінәлау оңай. Бірақ біз бар болуға талпынып, яғни өз-өзімізді жетілдіру арқылы өмірімізді қолға алып, жағдайға эсер етуге тиіспіз.
Жұбайлық өмірімде қиындық туса, әйелімді айыптай бергеннен не ұтамын?
Ештеңеге жауап бермеймін десем, әрекет етуден қалып, өз-өзімді жағдайдың
ырқына жығып беремін. Оның үстіне әйеліме ықпалым әлсірейді: тырнақ астынан кір іздеуім, жөнсіз айыптауым, сынап-міней беруім, ақырында, оның өз кемшіліктері туралы ойын асқындырады. Нәтижесінде міншілдігім әйелімнің мінез-құлқынан да қауіпті болып шығады. Жағдайға жағымды эсер ету қабілетім барған сайын кеміп, ақыры мүлдем жойылады.Жағдайды шынымен түзегім келсе, қолымнан келетін бір ғана амал — өзімді тәрбиелеу, әйелімді түзей бермей, өзімнің кемшілігіме сыни көзбен қарау. Риясыз сүйіспеншілігім мен қолдауымды аямай, жұбайлық өмірде сенімді серік болуға бар күш-жігерімді саламын. Сонда ғана әйелім менің проактив амалымның эсер күшін сезініп, маған дәл солай жауап қайтаратынына үмітім зор. Бірақ ол олай етсе де, етпесе де, мен үшін жағдайға ықпал етудің ең оңтайлы амалы — өз-өзімді қайрау, яғни бар болуға тырысу. Әсер ету шеңберінде әрекет етудің көп тәсілі бар: зейін қойып тыңдау, сүйікті, сүйіспеншілігі зор жұбай болу, ынтымақтастыққа ашық болу. Кейде проактив адам болу үшін, жайдары жүріп, қарапайым бақытты өмір сүруден
артық ештеңе қажет емес. Бақыт — өте белсенді қарекетті таңдаудың жемісі.
Ауа райы сияқты құбылыстар біздің ықпал ету шеңберімізге ешқашан енбейді. Проактив адам ретінде біздің де өзімізге тән физикалық һәм әлеуметтік ахуалымыз болады. Біз өзіміздің еркімізден тыс дүниені сол күйінше қабылдап, тек өзіміздің жігеріміз жететін нәрсеге күш салудың арқасында бақытты боламыз.

Стивен Кови
Жасампаз жандардың 7 дағдысы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *