Құтты болсын, алаш, ұлы тілегің!»
Көп жыл жүріп қолға түскен кеңдігің.
Атқа мініп, ұраныңды шақырып
Бірлік үшін басты қосқан елдігің…
Алалықты арадағы жойдырып,
Заман келді бірге тұрып, бір жүрер,
Алаш туын желпілдетіп қолға алып,
Мынау жау деп қаймықпай еш қорғанып.
Үрім — бұтақ, нәсіл — нәсіл бәріне,
Кетіңдерші бітпейтін бір жол салып,
Жұртты сүйер ерлер шығып қол басы,
Саф азамат бағылан болып жолдасы,
Жарық сәуле ендіретін қазаққа.
Мәңгі жылдар жасасын Алаш ордасы!»
Бейімбет Майлин