Қазақтар корейлерге жерін де, төрін де берді…

 

1937 жылы Қазақстанға 18 мың 526 корей семьясы (шамамен 100 мың адам) зорлық-зомбылықпен жер аударылды.
Қазақтар корейлерге жерін де, төрін де беріп, таршылық көрсетпеді.
1941 жылы Сталиннің жарлығы бойынша Еділ өңірінде 361 мың немісті кір жуып, кіндік кескен жерінен айырып, Қазақстанға қоныс аударды.
Осылайша, тек 1943 жылға дейін еліміздің батысынан 532 мың адам эвакуацияланды.
Мейірбан қазақ халқы оларды да жатсынбай, қарсы алып, дастарханынан нан, жерінен қоныс берді.
1943-44 жылдары қазақ жеріне Солтүстік Кавказдан қуғындалған жарты миллионнан астам қарашай, чечен, ингуш, курд, қалмақ сияқты халықтар пана тапты. Күні бүгінге дейін әділдікт таппаған Қырым татарлары да қазақ ағасының шапанының астына кірді.
Соғыс операциялары Батыс Еуропаға қарай ауысқан 1944 жылы Месхетияның 110 мың адам мекен ететін 220 елді-мекеніндегі түрік туғандар да Қазақстанға көшірілді.
Зорлық-зомбылыққа ұшыраған, қоныс аударған, эвакуацияланған, тың игеруге келгендерді паналата жүріп, қайран қазақ елінде аз санды ұлтқа айналды…

Манаш Қозыбаев. «Ақтаңдақтар ақиқаты».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *