Тіл туралы өлеңдер

Сәкен Сейфуллин
(1894-1938)
1894 жылы 15 қазан күні Қарағанды облысы, шет ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Ол ақын, жазушы, коммунистік мемлекет қайраткері.

Туған жерім, өз елім

Қайғы ойлаттың, естен кетпей туған жер,
Қаны қашты һәм сарғайды ет пен тер.
Сені ойласам ішім күйер қапа боп,
Жүрегімде түйіншектей қайғы-шер.
Жатсам егер еш шықпайсың түсімнен,
Тұрсамдағы еш кетпейсің есімнен.
Көзден таса қылам деген жоқ едім
Шыға алмадым алыстағы кісімнен.
Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім,
Тең құрбыммен қағысып-ойнап жүргенім.
Жап-жалаңаш жайдақ атпен дүздіріп,
Бәсеке ғып жұмыртқа алған ду көлім.
Өлкелерге ауыл қонған мезгілдер,
Бәйшешектер құлпырынған мезгілдер
Майысып өткен көк талдырдың басында,
Құстар сайрап, көңіл бұрған мезгілдер.
Бие байлап, қымыз ішіп қызған соң,
Азаматтар мәжіліс құрған мезгілдер.
Өзен өрлеп, суға қармақ салғаным,
Құрбылармен таласып балық алғаным
Сөйткен жерге хақол келіп орнады,
Арманда боп, жылай-жылай қалғаным.

Тұр қазақ

Тұр енді, қазақ, ұйқыдан,
Ұйықтайтын емес бұл заман.
Домбыра тартып, сауық құрған,
Келмеске кеткен ол заман.
Болма жалқау, қазағым,
Жалқаулық ерге пайдасыз.
Түсерсің бір күн тозаққа,
Надан болсаң айласыз.
Өкініште қалып жүрме,
Алты алаш қазақ баласы.
Қаптап қала, жеріңді,
Айырылды елдің аласы.
Өткен заман қайтар деп,
Көз жасыңды құр төкпе.
Атқан оғың, жанар деп,
Көз талдырма, құр күтпе!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *