Туған тілге

Мырзахмет Қожақланов

Ей, туған тіл, баспай артқа,
Ұмтыл енді алға бар.
Күнің шығып, айың тумай,
Біраз уақыт еттің зар.
Басқа тілдер бұлбұл болып,
Бақшасында сайтап тұр.
Шаттық беріп иесіне
Көңілдері жайнап тұр.
Бір уақытта бақшамызда
Сайрайсың ғой бұлбұлдай.
Шешен бидің тұғырында
Ағыпсың ғой жұлдыздай.
Керексініп сайратуға
Иең күйттеп тұрғанда.
Тұруыңның жөні бар ма,
Қарқ-қарқ етіп қарғадай.
Хақ дүнияға шаш нұрыңды,
Енді еліңді жарқырат.
Қалсын елің қарқ болып,
Рахатыңда масайрап.
Қалам ұстап қалың жұртың,
Енді сені «сіз» деді.
Ей, туған тіл, енді сайра,
Көрейік те біз сені.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *