Адамның білімне ақыл серік,
Ақыл кен тайсылмайтын жанға көрік.
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,
Қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік.
Денеге аяқ басшы, ой жетекші,
Рақат таппақ адамзат көзбен көріп.
Жақсы менен жаманды сезбек үшін
Біздерге қойған жоқ па мұрын беріп.
Жаман, жақсы әр сөзді естіген соң
Бәрі-дағы тұрады құлаққа еніп.
Тірлікте тырбанып қал сайран етіп,
Ажал келмей тұрғанда шауып жетіп.
Құрметсіз зайыбыңмен өмір сүрсең,
Қотыр бұзау секілді қалдың өліп.
Тұрмысқа тіріі күнде бол себепкер,
Отырма құр үйінде бойға сеніп.
Талап қыл, азды-көпті жұмса ойды,
Әр істің ақырын ойла, көңіл бөліп.