Әртүрлі тақырыптағы қазақша мақал-мәтелдер

Құдайға жазсаң да, көпке жазба.


Құдай қарғысынан халық қарғысы қапалы.


Құстың жүні санаулы.


Қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды.


Қатардан ассаң да, халықтан аспақ жоқ.


Қасықпен көлді құрта алмайсың,
Қастықпен елді құрта алмайсың.


Қайшы ұстаған – міншіл,
Құрық ұсатаған – сыншыл
Қашып кетсең, шашып кет.


Қыс азығын жаз жина.
Қыстың қамын білгенің –
Істің бабын білгенің.


Қайраты бар кісінің,
Берекеті бар ісінің.


Қарманған қарап қалмас.


Қара жер қарыз арқаламайды.


Қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпе.


Қазаныңа не салсаң, шөмішіңе сол ілінер.


Қамшы – қанат, құйысқан – қуат.


Қалпақ абзалы мұрақ,
Көрпе абзалы құрақ.


Қасапшы шешесіне сүйек сатады.


Қармақшының көзі қалтқыда.


Қойдың сүті – қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.


Мергеннің көзі де мерген, қолы да мерген.


Келсап құрыса, келі керектен қалады.


Қолы қимылдамағанның,
Аузы қимылдамайды.


Қорасында айыры жоқтың, малға қайырымы жоқ.


Қолағаш болса да, қолға тоқ болсын.


Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.


Қуантар болсаң асық,
Мұңайтар болсаң сабыр тұт.


Қорқаққа пана болмас қалың тоғай,
Жалқауға бүгінгіден ертең оңай.


Қарап отырғанша сағыз шайна.


Құлықсыздың қырық желеуі бар.


Қой иесі бірге санаса,
Қойшы басқа санайды.


Құрау – сайман саз болса,
Машақатын аз болар.


Қурай тартсаң, күй шығар,
Ағаш тартсаң, үй шығар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *