Тауық – құс емес, жалқау – кісі емес.
Төресі бар елдің төбесі бар.
Тегінде бар тегі озар.
Терін төксе жеріне,
Жер тілеуін береді.
Төресі мен төбесі бар ел
Алыстан көрінеді.
Тентегін тыйған ел болар.
Тегі асыл адамның,
Мінезі де сүйкімді.
Тексіз – бұзық наданның,
Жол болады сүйкімі.
Тек жүргенше, тегін істе.
Тердің қадірін төккен білер.
Терлей – терлей тоған байласаң,
Қызара бөртіп су ішерсің.
Тозған елді тоған жияды.
Тоқтатсаң жерге қалың қар,
Дей бер жақсы өнім бар.
Тойға барсаң, тойып бар,
Жұмысыңды қойып бар.
Төзе алмасаң бейнетке,
Қолың жетпес зейнетке.
Түйір нан – тамшы тер.
Тынымсызды жіберсең, бүлдіріп келер,
Тынымдыны жіберсең, тындырып келер.
Тіл жүйрігі басқа,
Қол жүйрігі асқа.
Тігілмеген етігіңді мақтама.
Тасқа тары, мұзға бидай еккен.
Теңге тиыннан құралады,
Жиһаз бұйымнан құралады.
Тазша бір іс бастайды, Құдай оны қолдаса.
Там салғанның тамтығы қалмайды.
Тамзығын тапсаң, тас та жанады.
Тиын теңгені сақтайды.
Түйменің инесіз күні жоқ.
Тігіншіні инесі асырайды.
Талмай іздеген, таппай қоймас.
Тіреу болмай, тілеу болмайды.
Түсіңе сенбе, күшіңе сен.
Тарықпай ер тілеуін бермейді.
Тіккен – гүл, заһардан – бал.
Тоғышарға от басы айшылық жер.