Тау берігінде қонысың болсын,
Жау таба алмайды.
Ел берігінде досың болсын,
Аңдыған жау ала алмайды.
Таяқты жауға темір қалқан дайында.
Тәуір көрген досыңа – тәуір көрген малың бер,
Көре-көре сүйінсін.
Көңіл қалған досыңа – жаратпаған малың бер,
Көре-көре күйінсін.
Тістем нанның қадірін,
Тарыққанда білерсің.
Анық достың қадірін,
Зарыққанда білерсің.
Табы бірдің ары бір,
Адал достың жаны бір.
Тау дарақсыз, жау жарақсыз болмас.
Талаптының пікірі аян,
Дұшпанның ақылы – шаян.
Тамыр түбі дау,
Құрдас түбі жау.
Ұйқы деген дұшпан бар,
Жолдан,істен қалдырар.
Тұла бойды талдырар,
Дұшпанына алдырар.
Ұлан үшін жау болмас,
Лақ үшін жұрт болмас.
Ұстамен дос болсаң,
Нар кескенін аларсың.
Ұстамен дос болсаң,
Керегіңді соқтырып аларсың.
Қайықшымен дос болсаң,
Қайығыңды суға саларсың.
Ұрымен дос болсаң,
Қораға шабарсың.
Ұйқы – жау,от – жау,су – жау.
Үндемесең дау алар,
Жата берсең жау алар.
Шығарып салмаған жолдастың,
Жолдасқа сәндігі жоқ.
Шолғыншы болсаң,болжай біл,
Арбасқан жауды арбай біл.
Шолғыншың шалдырмаса,
Жауға алдырмайсың.
Шықсақ төбеміз бір болсын,
Жатсақ көріміз бір болсын.
Шын дос басыңа ырза,
Кей дос асыңа ырза.
Шын жолдас сөзге берік,ерге серік.
Іштен шыққан жау жаман.