Шындық, шешендік, халық, әділдік туралы мақал-мәтелдер

Шын орақшы орақ таңдамайды,
Шын батыр құрал таңдамайды.


Шебер қол шет қалмайды.


Шеберлікке шек жоқ.


Шеберді шеге қағысынан таниды.


Шеберді олқ үшін жаратқан,
Шешенді доғал үшін жаратқан.


Шешеннің сөзі – мерген,
Шебердің көзі — мерген.


Шеберден – олжа,шешеннен – сауға.


Шешеннің тілі – шебердің бізі.


Шөлден құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап.


Тақырға ағаш еккен бір сауап.


Шөбі көпке қыс – құт,
Шөбі жоққа қыс- жұт.


Халық ханға бағынғанда – бала,
Ашуланғанда – әке.


Халық сүймес, халық сүйген
Суға батпас, отқа күймес.


Халық алмас қамал болмас.


Халық қартаймайды,
Қара жер қартаймайды
Халық сөзі – қаһарлы.


Халық қаһары қамал бұзар.


Халық – дана.


Халық – қатесіз сыншы.


Халыққа қарсы жүру –
Ағысқа қарсы жүзу.


Халықтың құшағы кең.


Халайықтан мейір кетті.


Халық ұйғарса, хан түйесін сояды.


Халық айтпайды, айтса қалт айтпайды.


Халық аузына қақпақ қойып болмайды.


Халықтан аспа, жамандыққа баспа.


Халықты дана қосады,
Әйел мен ерді бала қосады.


Халыққа түзелмеген,
Қалыпқа да түзелмейді.


Халық көздегіні ғана емес,
Көңілдегіні де көреді.


Халық қазанын қайнаттым,
Қолымнын кәне, қарасы.


Ер қазанын қайнаттым,
Етімің кәне жарасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *